Ашық белгілі корпоративтік нысандар Қазақстан қағазы қызметкерлеріне бір тұтас бағытта жүреге көмектеседі. Бірліскен ортақ миссиямен және мақсатпен біздің қызметкерлеріміз күнделекті ең қиын есептерді шешеді.
Қағаз өндірісі
Алматы қаласы маңында орналасқан Kagazy Recycling зауыты пайдаланылған шикізаттан қағаз дайындайтын жалғыз өндіріс орны болып табылады.
Дайын өнім қоймасы
Kagazy Recycling Қазақстан нарығында алдағы орын алып келеді. Компания республика нарығында 50 пайыздан астам үлесін алуда, бұл оны Қазақстан Республикасындағы қағаз өнеркәсібінің басты көсемі жасайды
Өнім сапасын тексеру
Өндіріс сарапшылары бекітілген стандарттармен сәйкестілік сапасының кезекті тексерісін жасайды.
Гофроөнімдерді дайындау үдерісі
Барлық өнімдер жеке, тапсырыспен, тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып дайындалады.
Бүгін Лондонның Жоғары Сотында Қазақстан Қағазы Тобы (бұдан әрі - "ҚҚ" Тобы) 260 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқыру алаяқтық фактісі бойынша бұрынғы акционер және Бас директор Мақсат Әріп пен…
Қазақстан Қағазы ПЛС (ары қарай – «Компания» ) сағат 11.30-де Зуг, Швейцария және Zoom арқылы өтетін компанияның Жылдық Жалпы Акционерлер Жиналысының нәтижелерін қуанышпен хабарлайды.…
Осы хабарламамен компанияның жылдық жалпы акционерлер жиналысы 2019 жылы 17 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де: 33-37 Аттол Стрит, Дуглас қ., Мэн аралы мекенжай бойынша төменде көрсетілген мақсаттар бойынша өтетінін хабарлайды:
Басты қызмет бойынша:
2017 және 2018 жылдардың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы директорлардың ұсынымын қабылдау;
Берілген аудиттелген есептілік бойынша аудиторлардың есебімен бірге Компанияның 2017 және 2018 жылдардың 31 желтоқсан күніне жасалған аудиттелген есептілігі қабылдап алу және бекіту; және
Moore Stephens (Мэн аралы) компаниясын 2019 жылға Компанияның аудиторы ретінде тағайындауын қабылдау.
Күні: 12 Қараша 2019
Орналасқан мекен-жай:
33-37 Аттол Стрит
Дуглас қ.
Мэн Аралы
IM1 1LB
Директорлар кеңесінің өкімі бойынша
Томас Матеос Вернер Төраға
Ескертпе:
Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқығы бар компания мүшесі оның орнына қатысу және дауыс беру үшін бір немесе бірнеше сенімді тұлғаны тағайындауға құқылы. Сенім білдірілген адам компанияның мүшесі болуы міндетті емес.
Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқылы болу үшін, Сіз компанияның қарапайым акцияларын иеленуге тиіссіз және сіздің атыңыз төменде көрсетілген 4-ескертпеге сәйкес Компания акцияларының тізіліміне енгізілуі тиіс.
Сенімхат үлгісі сіздің пайдалануыңыз үшін қоса беріледі. Сенімхаттың заңды күші болуы үшін (және қандай да бір қол қойылған сенімхаттар немесе егер бар болса өзге де өкілеттіктер, немесе нотариалды куәландырылған өкілеттіктер) сенімхат үлгісі Компанияның келесі мекен-жайы бойынша қызмет ететін Тіркелген Агентке мүмкіндігінше тез тапсыру қажет: 33-37 Аттол стрит, Дуглас қ., IM1 1LB, Мэн аралы немесе факс бойынша: +44 (0) 1624 626 538, алайда, кез келген жағдайда 2019 жылдың 12 желтоқсан сағат 10.00 (британиялық уақытымен) кешіктірмей тапсырылу қажет. Сенімхат үлгісін толтыру және қайтару егер қатысушының, ниет білдірген жағдайда, отырысқа немесе отырыстың жабу кезінде жеке қатысуы бөгет болмайды.
Жиналысқа қатысуға немесе дауыс беруге құқылы болу үшін адам қатысушылардың тізіліміне енгізілуі тиіс мерзімі - 2019 жылдың 10 желтоқсан, сағат 10.00-де (британиялық уақытымен). Егер отырыс жабылатын болса, онда жабық отырысқа қатысуға немесе дауыс беруге құқығы болу үшін адам қатысушылардың тізіліміне енгізілуі тиіс мерзім жабық отырыс үшін белгіленген күнге дейін 48 сағатты құрайды. Осы мерзімнен кейін қатысушылардың тізіліміне енгізілетін өзгерістер қандай да бір тұлғаның отырысқа қатысу немесе онда дауыс беру құқығын анықтау кезінде ескерілмейді.