Томас Матеос Вернер
Директорлар кеңесінің төрағасы
2009 жылғы қарашадан бастап «Қазақстан Қағазы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. 2013 жылғы 5 сәуірден бастап «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның Бас директоры, ал 30 мамырдан бастап – «Kagazy Recycling» ЖШС-ның Бас директоры болып табылады.
Оған қоса, ол – WernerCapital компаниясының басқарушы серіктесі. 1992 және 2008 жылдар аралығында Нью-Йорк, Цюрих, Франкфурт пен Лондондағы DeutscheBank, MerrillLynch және HSBC сияқты ең ірі әлемдік компанияларда басшы лауазымдарын атқарды.
Томас Вернер Foundation K қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
Колумбиялық Бизнес Мектебі (АҚШ) мен Лондондық Бизнес Мектебінің (Ұлыбритания) іскерлік әкімгерлеу магистрінің (МВА) дипломына, швейцариялық HochschuleStGallen университетінің магистрі дипломы мен испаниялық UIB университетінің заңгері біліміне ие.