Ашық белгілі корпоративтік нысандар Қазақстан қағазы қызметкерлеріне бір тұтас бағытта жүреге көмектеседі. Бірліскен ортақ миссиямен және мақсатпен біздің қызметкерлеріміз күнделекті ең қиын есептерді шешеді.
Қағаз өндірісі
Алматы қаласы маңында орналасқан Kagazy Recycling зауыты пайдаланылған шикізаттан қағаз дайындайтын жалғыз өндіріс орны болып табылады.
Дайын өнім қоймасы
Kagazy Recycling Қазақстан нарығында алдағы орын алып келеді. Компания республика нарығында 50 пайыздан астам үлесін алуда, бұл оны Қазақстан Республикасындағы қағаз өнеркәсібінің басты көсемі жасайды
Өнім сапасын тексеру
Өндіріс сарапшылары бекітілген стандарттармен сәйкестілік сапасының кезекті тексерісін жасайды.
Гофроөнімдерді дайындау үдерісі
Барлық өнімдер жеке, тапсырыспен, тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып дайындалады.
ОСЫ ХАБАРЛАМА Компанияның жыл сайынғы жалпы жиналысын өткізу туралы ХАБАРЛАЙДЫ, ол 02.02.2018ж. Швейцария уақыты бойынша сағ.13:00-те Бирштрассе 53/55, Цуг қаласы, Швейцария мекенжайы бойынша өткізіледі.
Қарапайым қызмет шеңберінде:
2014 және 2015ж. қорытындылары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы Директорлардың ұсынымдарын қабылдау;
Көрсетілген есептіліктер бойынша аудиторлардың есебін қосқанда, 2015 және 2014ж. 31 желтоқсанда аяқталған жылдар үшін Компанияның аудиттелген есептілігін алу және қабылдау; сондай-ақ
2016 жылға компанияның аудиторлары ретінде «Moore Stephens» (Мэн Аралы) тағайындауды қабылдау.
Күні: 8 шілде 2018ж.
Заңды мекенжайы:
33 -37Атол стрит, Дуглас
Мэн Аралы
IM1 1LB
Басқарма бұйрығы бойынша
Томас Матеос Вернер
Төраға
Ескертулер:
Компания мүшесінің жиналысқа қатысуға және дауыс беруге қатысуға, «бір дауыс беруші акция – бір дауыс» қағидаты бойынша қатысу, дауыс беру, компанияның ұсынылған мүшесінің орнына дауыс беру үшін бір немесе одан да артық сенім білдірілген тұлғаны тағайындауға құқығы бар. Сенім білдірілген тұлғаның Компанияның мүшесі болып табылуы міндетті емес.
Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге қатысуға құқылы болу үшін сізге Компанияның қарапайым акцияларының ұстаушысы болып табылу, сондай-ақ төмендегі 4-т. сәйкес Компания акционерлерінің тізіліміне енгізілген болуыңыз қажет.
Сенімхаттың нысаны қоса берілді. Сенімхат жарамды деп есептелуі үшін оның нысаны (сондай-ақ қол қойылған және нотариалды куәландырылған кез келген басқа сенімхат, егер болса, өкілеттік) Компанияның мына заңды мекенжайы бойынша тіркелген агентпен: 33-37 Атол Стрит, Дуглас, IM1 1LB, Мэн Аралы, немесе факс +44 (0) 1624 626 538 бойынша өте қысқа ықтимал мерзімде, бірақ 2018ж. 29 қаңтардан кешіктірілмей, сағ. 10:00-де (Британдық жазғы уақыт бойынша) алынады. Сенімхаттың нысанын толтыру және қайтару мүшеге қалауы бойынша жеке өзінің жиналысқа қатысуына және оны кейінге қалдырған кезде дауыс беруге қатысуға кедергі келтірмейді.
Тұлғаны жиналысқа қатысу және дауыс беруге қатысу құқығын алу үшін мүшелер тізіліміне енгізуге тиіс мерзім - 24 қаңтар 2018ж., 10:00 (Британдық жазғы уақыт). Жиналысты ауыстырылған кезде тұлғаны ауыстырылған жиналысқа қатысу және дауыс беруге қатысу құқығын алу үшін мүшелер тізіліміне енгізуге тиіс мерзім ауыстырылған жиналыстың тағайындалған күніне дейін 48 сағатты құрайды. Мүшелер тізілімі жазбаларындағы өзгертулер жиналысқа қатысуға және дауыс беруге қатысуға кез келген тұлғаның құқығын анықтау кезінде, көрсетілгеннен кейін ескерілмейді.