«Қазақстан Қағазы» компаниялар тобы 2001 жылы құрылған. Топ Орталық Азияның ең ірі қағаз және гофрленген өнім өрдіруші болып табылады. Топ өнімдері көбінесе қайта өндірілген қағаз бен картоннан өндіріледі.
Топтың құрамына кіретін кәсіпорындар:
-
«Қазақстан Қағазы» АҚ – Топтың холдингтік компаниясы;
- «Kagazy Recycling» ЖШС – қағаз және гофроқаптама өндіруші; және
- «Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС – макулатура жинау және іріктеу.
Бұл өнеркәсіптер біздің үкіметтің жасыл саясатын, экология және қалдықтарды өңдеу саясаттарын жүзеге асыру саласында маңызды роль атқара отырып, 700 адамды жұмыс орынмен қамтамасыз етеді.
«Kagazy Recycling» ЖШС Орталық Азияның қағаз және қаптама өнеркәсібінің көшбасшысы болып табылатыны анық.
Kagazy Recycling өнімдердің кез келген түрлеріне арналған гофроматериалдардың, гофрокартон мен қаптамалардың кең спектрін өндіреді. Компания қаптама қызметтерінің толық спектірін ұсынады: гофрокартонды іріктеу, кез келген күрделіліктегі қаптаманың құрылымы мен графикалық дизайнын жасау, дайын өнімдерді жеткізудің палеттендіру схемаларын жасау мен оңтайлы тәсілін табу.
Европалық жетекші жабдықтаушылардың жоғарғы технологиялы өндірістік жабдықтары Kagazy Recycling компаниясының өңірлік қағаз өнімдерінің нарығындағы бәсекелік артықшылығы болып табылады. Компания мамандары өңделген талшық негізіндегі өнімдер өндірудің озат әдістерін қолданады.
«Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС макулатура және басқа қайта өңделген шикызаттарды жинау мен іріктеу саласында маманданады. Бұл бүкіл Қазақстанға тараған өкілдіктер желісі сонымен қатар Ресей компанияларымен ұжымдық серктестік байланыстары бар жалғыз отандық компания.
Компания шамамен 500 мың ересек ағаштарды (10 шаршы км орман) кесуден құтқара отырып, жыл сайын 50 мың тоннаға жуық макулатураны жинайды. Компания қайта өңдеу үшін қабылдап іріктейтін қалдықтардың ішіне газеттер, журналдард, кітаптарды, буклеттер, тетрапакеттер, тегіс және гофрирленген картондар, сонымен қатар пластикалық шөлмектер кіреді.
«Қазақстан Қағазы» компаниялар тобы нарықта бірегей орын алады: бұл қалдықтарды жинаудан дайын өнімді шығаруға дейін қаптама өндірудің толық спектірін қамтитын сондай-ақ елдің осы өңірінде маңызды экологиялық және әлеүметтік роль ойнайтын табысты және ұлғайып жатқан бизнес.