- Подробности
-
12.10.2018 16:46 жасалған
«Қазақстан Қағазы» АҚ оңалту рәсімі қайта басталды.
2018 жылғы 10 қараша күні ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Қазақстан Қағазы» АҚ банкрот деп тану туралы төменгі сатыдағы соттардың шешімдерінің күшін жойды, осыған байланысты «Қазақстан Қағазы» АҚ-на қатысты оңалту рәсімі қайта басталды.
Қазақстан Қағазы Компаниялар Тобының (бұдан әрі – ҚҚ Тобы) басшылығы Жоғарғы Соттың шешіміне толығымен қанағаттанады, ол кредиторларға төлем жүргізуде «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның төлем қабілеттілігі мен өміршеңдігін растайды.
ҚР Жоғарғы Сотында жеткен жеңіс және Англияның Жоғарғы Сотының шешімі бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде 315 миллион АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражатты қайтару бойынша белсенді жұмыс «Қазақстан Қағазы» АҚ-на кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
Біз кредиторларға төзімділік танытқандары және банкроттық рәсіміне шағымдануға белсенді қатысқандары үшін, сондай-ақ қызметкерлер мен серіктестерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
Анықтама
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы ақпан айында Лондонның Жоғарғы Соты шешім шығарып, оған сәйкес ҚҚ Тобына шамамен 315 миллион АҚШ доллары ұйғарылған болатын. Сот «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның бұрынғы директоры әрі акционері Мақсат Әріптің және «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның басқа бұрынғы директорларының ақшалай қаражатты ұрлауы фактісін мойындады. Ұрланған қаражаттар қазақстандық кредиторлардан, соның ішінде «БЖЗҚ» АҚ-нан қарыздарды тарту есебінен, сондай-ақ Топ инвесторларынан Лондонның Қор биржасында облигацияларды орналастыру есебінен тартылған болатын.
ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы мына сілтеме бойынша қол жетімді