- Подробности
-
03.10.2018 17:21 жасалған
2013 жылдың тамыз айында Kazakhstan Kagazy PLC және оның кейбір еншілес компаниялары («Талапкерлер») Лондонның Жоғарғы сотында компанияның бұрынғы акционері және бас директоры Мақсат Әріпке қарсы талқылауды бастаған болатын. Талапкерлер Әріп мырза бұрынғы қаржы директоры Шынар Диханбаевамен, басқа да бұрынғы директорлармен және лауазымды тұлғалармен сөз байласып, Талапкерлерге тиесілі ақшалай қаражатты заңсыз иемденді деп сендірді.
2017 жылдың 22 желтоқсанында Лондонның Жоғары соты істің мәні бойынша барлық дерлік мәселелер Талапкерлермен сәтті дәлелденді деп қаулы етті. 2018 жылдың 28 ақпанында сот Әріп мырзаға Талапкерлердің пайдасына 298 млн. АҚШ доллары көлеміндегі ұйғарынды өтемақыны төлеуді және 8 млн. фунт стерлинг көлеміндегі аралық шығыстарды өтеуді бұйырды. Сот сондай-ақ Әріп мырзаның 315 млн. АҚШ доллары көлеміндегі халықаралық активтерін тоқтатып қою туралы ары қарайғы соттың тыйым салуын шығарды. Барлық сот шешімдерін бұза отырып, Әріп мырза әлі күнге дейін Талапкерлерге ешқандай төлемдерді төлемеді. Талапкерлер өз кезегінде сот шешімдерінің орындалуына қол жеткізгілері келеді.
Әріп мырза 2017 жылдың 22 желтоқсанындағы судьяның шешіміне шағым келтіруге рұқсат беру туралы өтініш білдірген. 2018 жылғы 31 шілде күні Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін Әріп мырзаның ескіру мерзімі туралы уәждеріне қатысты күшін жоюға нақты перспектива жоқ деп есептей отырып, Әріп мырзаның шағымының негізгі мәнін қабылдамай тастады. Әріп мырзаға мерзімі өткен пайыздар мен айыппұлдар бойынша Талапкерлерге тағайындалған сомалар бөлігінде (77 млн.АҚШ доллары) шағымдануға ішінара мүмкіндік берілді.
2018 жылдың 24 тамызында судья, Мәртебелі Лорд Саймон да 2018 жылдың 21 қыркүйегіне Әріп мырза Талапкерлердің сот шығындары үшін 150 мың фунт стерлинг көлеміндегі кепілдік соманы, сондай-ақ Талапкерлердің 2 500 000 фунт стерлинг көлеміндегі аралық шығыстарын 2018 жылғы 5 қарашаға төлеген жағдайда ғана Әріп мырза кез келген шағымды бере алатындығы туралы өкім етті.
2018 жылдың 26 қыркүйегінде Талапкерлер Әріп мырзаның талаптарды белгіленген мерзімде орындамағаны туралы хабардар етілді. Бұл Әріп мырзаның апелляциясын қарауды тоқтатады. Осылайша, 2017 жылдың 22 желтоқсанында Талапкерлердің пайдасына тағайындалған 298 млн. АҚШ доллары және 8 млн. фунт стерлинг көлеміндегі ақшалай қаражат болашақта қандай да бір қосымша апелляцияға ұшырамайтын болады.