- Подробности
-
27.10.2017 17:31 жасалған
Талапкердің жекелеген бұрынғы директорларына (бұдан әрі «Жауапкерлер») қарсы алаяқтық туралы «Қазақстан Қағазы» Тобының мүшелері-компаниялармен (бұдан әрі «Талапкерлер») ұсынылған талап арыздар бойынша Лондонның Жоғарғы Сотындағы тыңдаулар ағымдары 2017 жылдың сәуірінде басталып, 20 шілдесінде аяқталды. Шешім 2017 жылдың қараша айынан ерте болмайтыны болжануда.
Талап етулер 2013 жылдың тамызында, Талапкерлер Жауапкерлерге қарсы жалпы талап ету сомасы 260 миллион АҚШ долларынан астам жағдайында Арип М. мырзаның 72 миллион фунт стерлинг сомасындағы активтеріне халықаралық тыйым салуды алған кезде басталғанын еске саламыз. Аталған шара сот процесі аяқталып, Сот түпкілікті шешім шығарғанға дейін күшінде қалады. Жауапкерлер барлық айыптауларды теріске шығарып, талап арызды даулап отыр.
Талапкерлердің қазіргі басшылығы заңгер және адвокаттар тобымен бірігіп, 2005 жылдан 2009 жылдар аралығында Жауапкерлермен Талапкер компанияларынан шығарылған ақшалай қаражатты қайтаруға талпынуда. Шамамен ұрланған ақшалай қаражаттар қазақстандық банктермен, зейнетақы қорларымен және инвесторлармен берілген, сондай-ақ Лондон Қор биржасында Kazakhstan Kagazy PLC акцияларын шығару жолымен шетелдік инвесторлардан алынған.