- Подробности
-
22.12.2017 10:41 жасалған
Бүгін Лондонның Жоғары Сотында Қазақстан Қағазы Тобы (бұдан әрі - "ҚҚ" Тобы) 260 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқыру алаяқтық фактісі бойынша бұрынғы акционер және Бас директор Мақсат Әріп пен бұрынғы Қаржы директоры Шынар Диханбаеваға (бұдан әрі - "Жауапкерлер") қарсы талап арызы бойынша үлкен жеңіске жетті.
Талап арыз 2013 жылы, ҚҚ Тобымен тартылған ақшалай қаражаттың Жауапкерлермен байланысы бар заңды тұлғалар арқылы шығарылғандығының дәлелдері анықталған кезде берілген болатын.
Алаяқтық салдарынан ҚҚ Тобы ауыр қаржылық жағдайға тап болды. 2015 жылы, қымбат сот талқылауы шығыстарын төлеу үшін ҚҚ Тобы сот талқылауларын қаржыландыруға маманданған әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі - Harbour Fund ІІІ-ден қаржы тартты. Өте күрделі жыл төрт жылдан кейін ҚҚ Тобы Соттың оң шешімін алды.
Судья Пикен мырза өз шешімінде төмендегілерді атап өтті:
- Жауапкерлер ҚҚ Тобының алты компаниясына қатысты алаяқтық жасалғані.
- Жауапкерлер жасаған «өте елеулі» алаяқтық салдарынан ҚҚ Тобы өзінің заемдары бойынша дефолтқа ұшырады: «талап-арыздардың берілуіне түрткі болған алаяқтық фактісі Талапкерлердің ауыр және ұзақ уақыт қаржы дағдарысына ұшырағандығын білдіреді» [562 тармақ]
- «Жауапкерлер" өздерінің, оның ішінде Лондон биржасында 273 миллион АҚШ доллары тартылған 2007-ші жылы ҚҚ Тобы аудиторлары мен IPO-Kazakhstan Kagazy PLC компаниясындағы инвесторларлардан іздерін жасыру үшін айтарлықтай алысқа барған» [562]
- Kazakhstan Kagazy PLC компаниясының бұрынғы Бас директоры және Exillon Energy PLC компаниясының төрағасы Мақсат Әріп "мүлдем әділетсіз куә" болған, ол "болжалды алаяқтық іс-әрекеттерде өзінің рөлін жасырғысы келіп, Сотты адастыруға талпынды» [65].
Kazakhstan Kagazy PLC компаниясының Бас директоры Томас Матеос Вернер: "Бұл сот шешімі - 2013 жылдан бері өзінің талап арызын дәлелдеу үшін күресіп келе жатқан ҚҚ Тобының орасан зор жеңісі. Бизнестің тағдырын толығымен өзгерте отырып, біз осы сот шешімінің орындалуын күтеміз, ол өз кезегінде ҚҚ Тобына кредиторлар алдындағы міндеттемелерін өтеуге мүмкіндік береді. Бұл жеңіс қызметкерлердің, қорды қаржыландыратын клиенттердің, ҚҚ Тобы кредиторларының табанды қолдауынсыз мүмкін болмас еді», деп түсіндірді.
Мәселелер бойынша хабарласыңыз:
Ағылшын тілінде: Arthur Maltin, Account Director, Maltin
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
+44 (0)7720 809 227
Орыс тілінде:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Соттың толық шешімін сілтеме бойынша таба аласыз.