Алматы қаласы, 4 сәуір 2017 жылы – «Қазақстан Қағазы» Тобына кіретін (әрі қарай «Талапкер» және/немесе «Топ») кейбір компаниялар талабы бойынша Топтың бұрынғы акционерлері мен директорларына қарсы Лондонның Жоғары Сотында Тыңдаулардың басталуына төрт аптадан аз уақыт қалды. Тыңдаулар 2017 жылдың 25 сәуірінде басталады, және үш айға созылады деп күтілуде.
Алматы қаласы, 4 сәуір 2017 жылы – «Қазақстан Қағазы» Тобына кіретін (әрі қарай «Талапкер» және/немесе «Топ») кейбір компаниялар талабы бойынша Топтың бұрынғы акционерлері мен директорларына қарсы Лондонның Жоғары Сотында Тыңдаулардың басталуына төрт аптадан аз уақыт қалды. Тыңдаулар 2017 жылдың 25 сәуірінде басталады, және үш айға созылады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, қуыным талабы 2013 жылдың тамызында бастама алған болатын, ол кезде Топ Әріп М. мырзаның 72 миллион фунт стерлингке дейін активтеріне қатысты халықаралық «қатыруын» алдыртқан. Қазіргі кезде талаптың жалпы сомасы 260 млн. АҚШ долларынан асатын соманы құрайды. Осы шара сот процесі аяқталғанға дейін және Топ талабы бойынша Сотпен қорытынды шешімдер шығарылғанға дейін өз күшінде қалады. Жауапкерлер тағылған айыптардан бас тартып, талаптарға қатысты келіспеушіліктерін білдіруде.
Қазіргі басшылық заңгерлер командасымен бірге 2005-2009 жж. аралығында бұрынғы акционерлер және директорлармен компаниядан шығарылған деп болжанған ақшалай қаражаттарды қайтаруға талаптанып жатыр. Ақшалай қаражат бірнеше мекемелерден, соның ішінде «Альянс Банк» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ сынды банктерден, сондай-ақ Қазақстан биржа фондына «Қазақстан Қағазы» АҚ облигацияларын шығару және Kazakhstan Kagazy PLC акцияларын Лондон биржасына шығару арқылы Қазақстандық және шетелдік инвесторлардан алынған.
2016 жылдың ақпан айында Талапкер және Бағлан Жүніс мырза барлық юрисдикцияларда Бағлан Жүніс мырзаға қарсы талаптарды үйлестірді.
2016 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Қағазы» АҚ Оңалту Процедурасына келісім алды, мұнда ақшалай қаражатты қайтару шарттарының бірі ретінде Лондонның Жоғарғы Сотында істі қарау сәтті аяқталуы мен ұрланған қаражаттың қайтарылуы болып белгіленді.
Тыңдаулар барысында заңгерлер мен «Қазақстан Қағазы» Тобының қорғаушылар командасы дәлелдемелер мен сараптамалық есептерді ұсынады. Талаптар қабылданған жағдайда, басшылық шығарылған соманың айтарлықтай бөлігін елге қайтарып, қарыз берушілер алдында берешектерін өтейтіндігіне үміттенеді.
Анықтама
«Қазақстан Қағазы» Компаниялар Тобы 2001 жылы құрылған және Қазақстан мен Орталық Азиядағы қайталама шикізаттан қағаз бен қаптамаларды жасайтын ірі өндіруші болып табылады.