Лондонның Жоғары Соты "Қазақстан Қағазы" компаниялар тобы мүшелерімен ұсынылған бұрынғы басшы Мақсат Әріпке және қаржы директоры Диханбаева Шынарға қарсы алаяқтық туралы талап арыздардың әділдігін дәлелдеді. Талапкерлерге өтелетін шығындар алаяқтық әрекеттің елеулі сипатын да, заң мәселелері бойынша кеңесшісі "Cleary Gottieb" компаниясы болған жауапкерлермен жүргізіліп отырған қорғаудың әділетсіздігін де көрсетіп отыр.
Талапкерлер пайдасына Әріп мырзаның 315 млн. АҚШ доллары сомасындағы активтеріне мерзiмi ұзартылған тыйым салу туралы Халықаралық ұйғарым қабылданды.
Өз шешімінде судья Пикен мырза былай деді:
"Бұл жағдайда Әріп мырза мен Диханбаева ханым ірі ақша қаражаты бойынша ұзаққа созылған және ауқымды алаяқтық әрекеттің қатысушылары болып отыр, ол аталған адамдармен сотқа бірнеше рет жалған айғақтар беруге (жауапкерлермен шақырылған куәлардың ауысуын қосқанда) әкеп соқты" (96 т.)
тиісінше,
"...Талапкерлер іс жүзінде ұзақ және даулы сот процесін әрбір негіздеу аспектісі бойынша жеңіп шықты". (96 т.)
"Казахстан Кагазы ПЛС" компанияның басшысы Томас Матеос Вернер:
"Біз Лондонның Жоғары Соты біздің талап арыздарымызды заңды деп мойындағанына өте қуаныштымыз. Бізге корольдік адвокаттар – Роберт Хоу, Джонатан Миллер, Дэниэл Соул заңгерлер командасы мен "Аллен энд Овери" фирмасы (Мона Васвани басшылығымен) айрықша қолдау көрсетті.
Біз осы іс бойынша талқылаулар жүріп жатқанда төзімділік пен қолдау көрсеткендері үшін кредиторларымызға ризашылық білдіреміз. Біз Қазақстан Республикасына ақшалай қаражатты қайтару жолында ілгері үлкен қадам жасағанымызға қуаныштымыз.
Мен қатаң валюталық дағдарыс жағдайында осындай жетістікке қол жеткізгенімізді және залалды, борышқорлық міндеттемелерге батқан кәсіпорынды картон мен гофроөнімдерді өндіру, сондай-ақ қайталама шикізатты өңдеу бойынша Орта Азиядағы жалғыз және жетекші компанияға айналдыра алғанымызды шексіз мақтан тұтамын", деп түсіндірді.
PDF - KK - Order for Judgment 28 Feb 18 Final
Сот ұйғарымына сілтеме - www.bailii.org/ew/cases/EWHC/Comm/2018/369.html
Толық ақпарат алу үшін келесі байланыстар бойынша жүгінуді сұранамыз:
Хью макГрегор
Бас кеңесші, Казахстан Кагазы ПЛС
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
.';
document.write('');
document.write(addy_text90685);
document.write('<\/a>');
//-->\n Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.