Соңғы жаңалықтар
Kazakhstan Kagazy PLC Акционерлерінің 2018ж. Жыл сайынғы Жалпы Жиналысының қорытындылары
"Kazakhstan Kagazy PLC" (бұдан әрі Компания) Акционерлерінің Жыл сайынғы Жалпы Жиналысы 2018ж. 2 ақпаны күні Швейцар уақыты бойынша сағат 13:00-де, Швейцария, Цуг қ., Бирштрассе көш., 53/55 мекен-жайында өтті.
Компания акционерлері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданған келесі шешімдерді:
- Директорлардың 2014 және 2015жж. нәтижелер бойынша дивидендтерді төлемеу туралы ұсыныстарын қабылдауды;
- 2015 және 2014 жж. 31 желтоқсанда аяқталған жылдар үшін Компанияның аудиттелген есептіліктерін, сондай-ақ аудиттелген есептіліктер мәліметтері бойынша аудиторлардың есептерін қабылдауды және бекітуді;
- Компанияның 2016 жылға аудиторы ретінде "Moore Valeo" компаниясын (Мэн Аралы) тағайындауды қабылдауды мақұлдады.